Оқу 16 қарашада басталады

5 сабақта Құран оқуды баста.

Баубек ұстаздың әдісімен Құранды жүзінен оқуға алғашқы қадам жасаңыз.

  • 5 сабақ
  • 10 күн
  • Күніне шамамен 30 минут
Баубек Бердіғалиұлы — 25:74 Academy бас ұстазы
Баубек Бердіғалиұлы25:74 Academy бас ұстазы

Бұл курс маған сәйкес келе ме?

Үйренгіңіз келеді. Бірақ неден бастарыңызды білмейсіз бе?

Уақытым жетпейді.

Күніне шамамен 30 минут жеткілікті.

Араб әріптері қиын сияқты.

Бірінші сабақ әріптерді танудан басталады.

Бұрын үйреніп, ұмытып қалдым.

Әр сабақтың жолында қайталау мен жаттығу бар.

Әріптерді қосып оқи алмаймын.

2–3-сабақтар сөз құрауды және әріптердің қосылып жазылуын үйретеді.

Бұл курс кімге арналған?

  • Құранды нөлден оқуды бастағысы келетін ересектерге.
  • Үйдегілерге үлгі болып, бірге үйренгісі келетін ата-аналарға.
  • Бұрын бастап, жүйесіз тоқтап қалып, қайта бастағысы келетіндерге.
  • Күніне 30 минут бөліп, нақты жүйемен жүргісі келетіндерге.

Терең араб тілін, ижаза алуды немесе кәсіби қарилық даярлықты іздесеңіз, бұл бастапқы курс сізге сәйкес келмеуі мүмкін. «Құранға кіру» нөлден Құранды жүзінен оқуды бастауға арналған.

Шешім

Қиыннан емес, негізден бастаймыз.

Баубек ұстаздың бес сабақтық оқыту жүйесі арқылы әріптерді танудан Құранды жүзінен оқуға алғашқы қадамға дейін.

Бағдарламаны көру
Баубек Бердіғалиұлы — бас ұстаз

Бас ұстаз

Баубек ұстазбен танысыңыз.

Баубек Бердіғалиұлы — 25:74 Academy Құран бағытының жетекшісі және бас ұстаз.

Оқыту тәсілі күрделі тақырыптарды қарапайым әрі түсінікті жеткізуге негізделген.

Мен нені үйренемін?

5 сабақ. Бір мақсат.

011-күн

Әріптерді таны.

023-күн

Әріптерді дыбыстап, сөз құрауды баста.

035-күн

Шәддә, тәнуин және әріптердің қосылып жазылуы.

047-күн

Мәд, һәмза және дәмир.

059-күн

Уасыл һәмза, әлиф ләм, тә мәрбута, ләфзатуллаһ.

Оқу қалай өтеді?

Күн сайын аз уақыт. Біртіндеп қалыптасатын дағды.

  1. Бейнесабақ
  2. Жұмыс дәптері
  3. Жаттығу
  4. Қайталау
  5. Қорытынды оқу

10 күндік оқу жолы

Жаңа сабақ күні: 1, 3, 5, 7, 910-күн: қорытындыҚайталау және жаттығу күндері

Негізгі оқыту IQ.Academy платформасында өтеді.

Кураторлар

Оқу жолында жалғыз емессіз.

Таңдалған пакетке сәйкес кураторлар тапсырмаларды тексеріп, оқушыға қиын тақырыптарды түсіндіруге көмектеседі.

Келесі сабақты куратор тапсырмаңызды тексергеннен кейін ашады. Әр куратор 50 оқушыға дейін алады, сондықтан куратормен оқитын орын шектеулі. Куратор қолдауы «Куратормен» пакетінен бастап кіреді. «Өзім» пакетінде жеке тексеру жоқ.

Оқу нәтижесі

Алғашқы әріптен — алғашқы оқуға дейін.

Нәтиже бес негізгі дағды бойынша өлшенеді. Әр дағды 0–2 ұпаймен бағаланады.

  • Әріптерді тану.
  • Харакаттарды ажырату.
  • Әріптерді қосып оқу.
  • Қысқа сөздерді оқу.
  • Құран мәтінін жүзінен оқуды бастау.
10ұпайлық өлшем: 5 дағды × 2 ұпай

0 — орындай алмайды1 — көмекпен орындайды2 — өзі орындайды

10 күнде барлық адамның бірдей нәтижеге жететініне кепілдік бермейміз. Нәтиже бастапқы деңгейге, күнделікті жаттығуға және тапсырмаларды орындауға байланысты.

Қалай тіркелемін?

Өзіңізге ыңғайлы оқу жолын таңдаңыз.

Оқу 16 қарашада басталады

Барлық пакетте бес бейнесабақ, жұмыс дәптері және 3 ай қолжетімділік бар. Айырмашылық — куратор мен Баубек ұстаз қолдауында.

Қай пакетті таңдарыңызды білмесеңіз, алдымен тегін алғашқы сабақты көріңіз. Көпшілікке «Куратормен» пакетін ұсынамыз: тапсырмаңызды куратор тексеріп отырады.

Тәуекелсіз бастаңыз.

Алғашқы сабақтан кейін ұнамаса, 24 сағат ішінде өтініш қалдырыңыз, ақшаңызды қайтарамыз. Себебін сұрамаймыз. Барлық пакетке қатысты.

Сұрағыңыз бар ма?

Жиі қойылатын сұрақтар

Бастамас бұрын білгіңіз келетіні

Жауабын таппадыңыз ба?

25:74 Academy — Құранға кіру

Құран оқуды үйрену алғашқы қадамнан басталады.

Сабақтар 16 қарашада басталады. Алғашқы сабақтан кейін ұнамаса, 24 сағат ішінде ақшаңызды қайтарамыз.

Made on
Tilda